Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2012.07.25 N 5-6 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Көксу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін 2011 жылдың бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихатының ауданның білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Сәрсеқұлов Нұрсағи Сәбитұлы) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан мәслихаты
сессиясының төрағасы С. Қылышова
Аудан мәслихатының
хатшысы Б. Қисметов
КЕЛІСІЛДІ:
"Көксу ауданының
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Айгүл Нұртайқызы Шаяхметова
2011 жыл 31 тамыз
"Көксу ауданының қаржы
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Серік Сапарұлы Нұрмұханбетов
2011 жыл 31 тамыз