Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2012.06.08 N 4-5 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекомуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына сәйкес, Көксу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Көксу ауданы мәслихатының 2010 жылғы 29 шілдедегі "Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшерін айқындау туралы" N 42-3 (Алматы облыстық Әділет департаментінде 2010 жылдың 3 қыркүйектегі 2-14-98 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 10 қыркүйекте Көксу аудандық "Нұрлы Көксу" газетінің 37(38) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихатының жанындағы заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Сапарғали Ибраймұлы Ботанбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан мәслихаты
сессиясының төрағасы Н. Сәрсеқұлов
Аудан
мәслихатының хатшысы Б. Қисметов
Аудан маслихатының
2011 жылғы "28 қыркүйектегі
"Көксу ауданындағы аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға )
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау
туралы" N 61-1 шешіміне
қосымша
Көксу ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі
Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекомуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ереже
1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі – отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейінің отбасының жиынтық табысына пайызбен қатынасы;
отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
өтініш беруші – көмекті тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам;
кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін сұраған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия. Учаскелік комиссиялардың құрамы қоғамдық негізінде ауылдық округтердің әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктер, тұрғындар, ұйымдар мен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының өкілдерінен құрылады.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласындағы заңнама белгіленген тәртіппен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлем ақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, тұрғын үйді жалға алу төлемақысының өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде нақты ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығындарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Белгіленген нормадан артық кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
Отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейі отбасының орташа айлық табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Барлық топтағы мүгедектерді және бір айдан астам уақыт стационарлық емделуде болғандарды, оқушылар, студенттерді, тыңдаушылар, курсанттар мен күндізгі оқу орнындағы магистранттарды және бірінші, екінші топ мүгедектерін 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға қараушыларды, 80 жастан асқан немесе тәрбиесінде 3 жасқа дейінгі баласы бар жандарды қоспағанда құрамында еңбекке қабілетті тұлғалары бар жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген, ұсынылған жұмыстан оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнынан және қоғамдық жұмыстан, кәсіптік оқудан және қайта даярлаудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау
4. Тұрғын үй көмегі тағайындалады - Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғаларға.
5. Құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтар) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды немесе тағайындалған тұрғын үй көмегі тоқтатылады.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) тұрғылықты жеріндегі ауылдық, кенттік учаскелік комиссияға өтініш пен төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген жекешелендіру, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға беру келісімшарты);
3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы);
4) отбасының барлық мүшелерінің табысын растайтын құжаттар (өткен тоқсанға);
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
6) пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
9) жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет ұсынылады;
10) салық төлеушінің куәлігінің көшірмесі.
7. Кенттік, ауылдық округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын қабылдап, оларды тіркейді және құжаттар қабылданған күннен бастап он күннен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
8. Уәкілетті орган кентік, ауылдық округтің әкімдерінен қоса тіркелген құжаттармен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін берудің негізі болып табылады.
9. Тұрғын үй көмегін алушылар он бес күн мерзімде уәкілетті органды көмек мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе алуға әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.
Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына күман келтіретін мән-жайлар туралы хабарламағанда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).
Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
10. Жедел әскери қызметтің әскерлерінен басқасы, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған бір тұрғылықты жерде тіркелген барлық мүшелерінің өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледі және табыстың барлық түрлері есепке алынады.
Жеке қосалқы шаруашылықтан, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі кенттік, ауылдық жерлерде тұратындарға тоқсанына алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады.
11. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2 )тұрғын үй көмегі;
3) жерлеуге берілген біржолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты берілген бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
5) аз қамтамасыз етілген отбасылардың оқушыларына білім беру мекемелерінде көрсетілетін қаржылай және материалдық көмек.
6) өз ісін ашуға немесе қосалқы шаруашылығын дамытуға берілген әлеуметтік көмек.
Өз ісін ашуға немесе қосалқы шаруашылығын дамытуға берілген материалдық көмек дұрыс мақсатта пайдаланылмағаны анықталған кезден сол тоқсандағы жиынтық табысы көрсетілген көмектің сомасынан есептелінеді.
7) төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтемақысы.
12. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін қызмет көрсетушілер ұсынады.
13. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
1) тұрғын үй алаңы:
әр адамға он сегіз шаршы метрден аспайтын пайдалы алаң;
2) газ тұтыну – бір айға бір кішкене газ баллон;
3) электр энергиясын қолдану:
1 адамға – бір айға 45 киловатт;
4 және одан көп адамнан тұратын отбасына –бір айға 150 киловатт.
4) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет корсетушілер ұсынады;
5) пеш жағатын тұрғын үйлерге жыл бойына 3 тонна көмір.
14. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша "Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.
15. Тұрғын үй көмегінің төлемі көрсетілген операция түрлеріне лицензиялары бар тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган және банк филиалдары немесе басқа да ұйымдар арасында жасалған Агенттік келісімі негізінде тағайындалған соманы алушының жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
3. Қорытынды
16. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.