РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес және Райымбек аудандық ономастикалық кеңесінің келісімі мен Кеген ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Кеген селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Кеген ауылындағы Б. Атыханұлы атындағы көшесімен және Кеген-Тюпь трассасымен қиылысатын көшеге еңбек ардагері Рабат Мәмбетовтың есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Кеген селолық округі әкімінің орынбасары М. Сопабаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кеген селолық
округ әкімі Н. Алмабеков