Кеген ауылындағы бір көшеге Рабат Мәмбетовтың есімін беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген селолық округі әкімінің 2011 жылғы 31 мамырдағы N 5-53 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 30 маусымда N 2-15-105 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес және Райымбек аудандық ономастикалық кеңесінің келісімі мен Кеген ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Кеген селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Кеген ауылындағы Б. Атыханұлы атындағы көшесімен және Кеген-Тюпь трассасымен қиылысатын көшеге еңбек ардагері Рабат Мәмбетовтың есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Кеген селолық округі әкімінің орынбасары М. Сопабаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кеген селолық
      округ әкімі                                Н. Алмабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады