"Жамбыл ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 37-12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 47-6 Шешімі. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 05 қаңтарда 6-3-133 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 13-11 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл аудандық мәслихатының 2012.12.14 № 13-11 шешімімен

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 - бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. «Жамбыл ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 37-12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-3-126 болып тіркелген, 2011 жылдың 29 қаңтарында № 9 (4884) «Шұғыла-Радуга» газетінде жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
      4- тармақтағы:
      «кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға» деген сөздер «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп үстауға арналған шығыстарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы:
      «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге» деген сөздер «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп үстауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қалалық» деген сөз алынып тасталсын;
      8 тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың Аумақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Жамбыл аудандық мәслихат                   Жамбыл аудандық
      сессиясының төрағасы:                      мәслихат хатшысы:
      К.Елубаев                                  Ә.Мәнтеев

О внесении изменений в решение Жамбылского районного маслихата от 24 декабря 2010 года № 37-12 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Жамбылскому району"

Решение Жамбылского районного маслихата Жамбылской области от 14 декабря 2011 года № 47-6. Зарегистрировано Управлением Юстиции Жамбылского района 05 января 2012 года за № 6-3-133. Утратило силу решением маслихата Жамбылского района Жамбылской области от 14 декабря 2012 года № 13-11

      Утратило силу решением маслихата Жамбылского района Жамбылской области от 14.12.2012 года № 13-11 

      В соответствии со статьей - 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях» и Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» Жамбылский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Жамбылского районного маслихата от 24 декабря 2010 года № 37-12 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Жамбылскому району» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6-3-126, опубликовано 29 января 2011 года в газете «Шұғыла-Радуга» № 9 (4884) следующие изменения:
      в пункте 4:
      слова «капитального ремонта и (или) взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминиума» заменить словами «расходов на содержание жилого дома (жилого здания)»;
      в пункте 7:
      слова «капитального ремонта и (или) взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объектов кондоминиума» заменить словами «на содержание жилого дома (жилого здания)»;
      слова "городской" исключить;
      пункт 8 исключить.
      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам социально-экономического развития территории, по бюджету и местным налогам.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Председатель сессии                        Секретарь
      Жамбылского                                Жамбылского
      районного маслихата                        районного маслихата
      К.Елубаев                                  А.Мантеев