Күші жойылды - Жамбыл аудандық мәслихатының 2012.12.14 № 13-11 шешімімен
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 - бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «Жамбыл ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 37-12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-3-126 болып тіркелген, 2011 жылдың 29 қаңтарында № 9 (4884) «Шұғыла-Радуга» газетінде жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
4- тармақтағы:
«кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға» деген сөздер «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп үстауға арналған шығыстарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы:
«кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге» деген сөздер «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп үстауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қалалық» деген сөз алынып тасталсын;
8 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың Аумақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық мәслихат Жамбыл аудандық
сессиясының төрағасы: мәслихат хатшысы:
К.Елубаев Ә.Мәнтеев