Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 22.09.2017 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланғанан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Қарашолақов |