Жуалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 235 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қазанда № 3540 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жуалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Көпбосынов

  Жуалы ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 22 қыркүйектегі
№235 қаулысына қосымша

Жуалы ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулылардың тізімі

      1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі №162 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2011 жылы 01 маусымда №6-4-105 болып тіркелген).

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі №163 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2011 жылы 01 маусымда №6-4-106 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады