Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 9-5 шешімімен
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы № 7-19 шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2010 жылғы 2 тамызындағы № 37-5 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-6-84 тіркелген, 2010 жылдың 10 қыркүйегінде № 114-115 аудандық «Меркі тынысы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы хатшысы
А.А.Ландик Т. Олжабай
Меркі аудандық мәслихатының
2011 жылғы 29 наурызда № 42-7
шешімімен бекітілген.
Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері 1. Жалпы ережелер
1. Осы Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері (әрі қарай - Ережелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 – бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрі қарай – Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі) сәйкес әзірленген.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен Меркі ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
Тұрғын үй көмегін өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау уәкілетті органмен – «Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Меркі ауданы мәслихатының 2011.11.09 № 47-5 Шешімімен.
4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Меркі ауданы мәслихатының 2011.11.09 № 47-5 Шешімімен.
5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй – жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Мүгедектерді, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбек істеуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй көмегін көрсетудің ережелерінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін көшірме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
7. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемiн, тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Меркі ауданы мәслихатының 2011.11.09 № 47-5 Шешімімен.
8.Алынып тасталды - Меркі ауданы мәслихатының 2011.11.09 № 47-5 Шешімімен.
9. Тұрғын үй көмегін алушылар он күн ішінде қандай да болсын тұрғын үй меншігі нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендері туралы және тұрғын үй көмегі мөлшеріне әсер ететін басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегін дұрыс емес есептеген жағдайда уәкілетті органға хабарлайды.
10. Тұрғын үй көмегінен заңсыз алынған сомалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
11. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормалары ескеріледі:
1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары:
жеке басты азаматтар үшін – 30 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
екі және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
2) электр қуаты нормалары (бір айда):
бірден бес адамға дейінгі отбасына – отбасының әрбір мүшесіне 50 киловатт;
бес және одан да көп мүшелі отбасына – 200 киловатт;
3) газ шығындарының нормасы (бір айда):
газ жылыту пешінің бар (1 шаршы метрге) – 7,88 текше метр;
газбен ас дайындау пеші бар болғанда (отбасының әрбір мүшесіне) – 22 текше метр;
сұйытылған газ шығыны (отбасының әрбір мүшесіне) – 8,2 килограмм;
4) қатты отын нормалары (жылыту мерзімінде) – 75,75 килограмм 1 шаршы метрге.
3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
4. Қорытынды ережелер
13. Осы Ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.