"Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Меркі ауданы мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы № 42-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 2011 жылғы 9 қарашадағы N 47-5 Шешімі. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 қарашада 6-6-98 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 2012 жылғы 31 шілдедегі № 7-5 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 2012 жылғы 31 шілдедегі № 7-5 шешімімен

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. «Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» Меркі ауданы мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы № 42-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-6-93 болып тіркелген, 2011 жылдың 27 сәуірінде № 50-51 «Меркі тынысы» - «Меркенский вестник» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Меркі ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiнің:
      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тұрғын үй көмегін тағайындау уәкілетті органмен – «Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.»;
      4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
      7 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемiн, тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi.»;
      8 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меркі ауданы мәслихатының халықты аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р.Жантаевке) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоланысқа енгізіледі.
      
      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Г.И. Михеев                                Т.Олжабай 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады