Қарағанды қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 маусымдағы N 28/07 қаулысы. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 шілдеде N 8-1-136 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы N 23/07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 08.06.2016 N 23/07 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң әрекетке енеді) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін әр санат үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Б. Әбдішев

      

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Караганде

Постановление акимата города Караганды от 21 июня 2011 года N 28/07. Зарегистрировано Управлением юстиции города Караганды 25 июля 2011 года N 8-1-136. Утратило силу постановлением акимата города Караганды от 8 июня 2016 года № 23/07

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Караганды от 08.06.2016 № 23/07 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 5-5), 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях обеспечения занятости лиц, освободившихся из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, испытывающих трудности в поиске работы, акимат города Караганды ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Караганде в размере одного процента для каждой категории от общей численности рабочих мест.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Караганды Любарскую И.Ю.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

Аким города
Б. Абдишев