1. Қосымшаға сәйкес Қарағанды қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылсын деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкiмiнiң орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң әрекетке енеді.
Қала әкімі | Н. Әубәкіров |
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "08" 06 № 23/07 қаулысына қосымша |
2. "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысы 2006 жылғы 19 шілде № 08/02 қаулысы (№ 08/02 2006 жылғы 24 тамызда "Орталық Қазақстан" газетінде жарияланған, № 8-1-38 нормативті-құқықтық актілер реестрінде тіркелген).
3. "Қарағанды қаласындағы азаматтардың жекелеген топтарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 20 сәуірде № 4/2 қаулысы (28 сәуірде № 8-1-29 нормативті-құқықтық актілер реестрінде тіркелген, 2006 жылдың 4 мамырдағы № 53(20 292) "Индустриальная Караганда" және "Орталық Қазақстан" 2006 жылдың 4 мамырдағы № 86-87 газеттерінде жарияланған).
4. "Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызкісілік мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша үстеме тағайындау және төлеу Қағидасын бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 4 наурызда № 7/7 қаулысы (16 сәуірде № 1488 нормативтік құқықтық жүйесінде тіркелген).
5. "Қарағанды қаласында қылмыстық атқару инспекциясы провация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 қарашада № 04/03 қаулысы (№ 2015 нормативті-құқықтық актілер реестрінде тіркелген, "Орталық Қазақстан" 20.12.2012 жылғы № 215-216 (21 419) және "Индустриальная Караганда" 15.12.2012 жылғы № 159-160 (21323-21324) газеттеріне жарияланды).
6. "Қарағанды қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 маусымда № 28/07 қаулысы (2013 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық жүйесінде (№ 8-1-136 тіркелген, 2011 жыл 2 тамызда № 86 (21 100) "Индустриальная Караганда" және 2011 жыл 2 тамызда № 125 (21 117) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған.