Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2012.05.22 N 25/35 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына және 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына, Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасының 4.3.1 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" N 972 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының жұмыспен қамту орталығы", Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының Октябрь ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталықтары) заңда белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту бөлімдерінде немесе Жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша он екі айға дейін жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру облыстық бюджеттегі 037 "Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетінің ағымдағы мақсатты түрде трансферті" бағдарламасы бойынша көзделген облыстық бюджеттегі ағымдағы трансферттердің, сондай-ақ 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасы 103 "Республика бюджетінің ағымдағы нысаналы трансферттері есебінен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" қосымша бағдарламасында көзделген Қарағанды қаласының бюджеті есебінен жүргізілсін.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда алғашқы алты айда жалақы мөлшері 50 % немесе 26000 теңге, келесі үш айда 30 % немесе 15600 теңге, соңғы үш айда 15 % немесе 7800 теңге мөлшерінде белгіленсін, жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыру үлесі Жұмыспен қамту бөлімі, Жұмыспен қамту орталықтары және жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады және айлық еңбекақының 50 % кем емес мөлшерін құрайды.
5. "Қарағанды қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 10/07 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Реестрінде N 8-1-112 тіркелген, "Орталық Қазақстан" газетінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 64 (20848), "Индустриальная Караганда" газетінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 46 (20909) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды қаласының әкімі Б. Әбдішев
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсан
N 64/01 қаулысына қосымша
Нысанды топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын, жұмыс берушілердің тізімі
N |
Ұйымның атауы |
Кәсіп (мамандық) |
Жұмыс орындарының саны |
Жұмыс ұзақтығы (айлар) |
Айлық жалақы мөлшері, теңге |
Өтемақы мөлшері, теңге |
1 |
"Лека" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Желдету жүйелерін, ауаны желдетуді және аспирацияны құрастырушы |
20 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
Қолмен дәнекерлеу электр дәнекерлеушісі |
7 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
||
Жартылай автоматты машиналардың электр дәнекерлеушісі |
8 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
||
Ішкі санитарлық- техникалық жүйелер және жабдықтар құрастырушысы |
10 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
||
Электр құрастырушылар |
3 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
||
2 |
"Қарағанды жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Жол жұмыскерлері |
10 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
3 |
"Ақнар ҚФ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Құрылысшылар |
10 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
дәнекерлеушілер |
2 |
12 айға дейін |
52000 |
|||
әртүрлі жұмыстарды атқаратын жұмыскерлер |
5 |
12 айға дейін |
52000 |
|||
4 |
"Мини пекарня "Татьяна" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Кондитер |
20 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
аспаз |
20 |
12 айға дейін |
52000 |
|||
нан пісіруші |
5 |
12 айға дейін |
52000 |
|||
5 |
"Энергоцентр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Қараушы - машинист |
10 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
Жүк тиеуші |
7 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
||
Жөндеу бойынша слесарь |
2 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
||
6 |
"Авто-Б.А.Н." жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Құрылыс мамандықтары |
40 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
7 |
Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қалалық Жарық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
Ағаш шебері |
1 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
сылақшы- бояушы |
2 |
12 айға дейін |
52000 |
|||
8 |
Қарағанды қаласы әкімдігінің "Шахтер" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
Құрылыстарды жөндеу бойынша жұмысшылар |
5 |
12 айға дейін |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
|
9 |
Қарағанды қаласы әкімдігінің жанындағы "Қалалық коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
Жұмысшылар |
25 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
жүргізушілер |
5 |
12 айға дейін |
52000 |
|||
10 |
Қарағанды қаласы әкімдігінің "Мәдени және демалыс бақтарын басқару" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
Жұмысшылар |
60 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
11 |
"Қарағанды ағаш өңдеу комбинаты" акционерлік қоғамы |
Ағаш өңдеу станоктарының станокшысы |
10 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
Токарь |
2 |
12 айға дейін |
52000 |
|||
газ-электр дәнекерлеушілері |
2 |
12 айға дейін |
52000 |
|||
12 |
"СтройСнаб Д&Б" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Құрылыс мамандықтары |
15 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
дәнекерлеуші |
5 |
12 айға дейін |
52000 |
|||
13 |
Қарағанды қаласы әкімдігінің"Көркейту" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
Жұмыскер |
50 |
12 айға дейін |
52000 |
26000, 6 ай 15600, 3 ай, 7800, 3 ай |
Барлығы: |
361 |