Қарағанды қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 09 сәуірдегі N 10/07 қаулысы. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 сәуірде N 8-1-112 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 64/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011.12.29 N 64/01 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4 бабының 2 тармағының 5 тармақшасы және 18-1 бабына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010.12.28 N 63/05 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) қаулысымен.
      1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі бекітілсін.
      2. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) заңда белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша алты айдан артық емес жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
      3. Қарағанды қаласы аудандарының әкімдері Жұмыспен қамту бөліміне әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жәрдемдессін.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру облыстық бюджеттегі 027 "Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттің ағымдағы мақсатты түрдегі трансферті" бағдарламасы бойынша көзделген облыстық бюджеттегі ағымдағы трансферттердің, сондай-ақ 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 102 "Жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары" қосымша бағдарламасында көзделген Қарағанды қаласының бюджеті есебінен жүргізілсін.
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 20 000 теңгені құрайды, жұмыс беруші тарапынан ортақ қаржыландыру үлесі Жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Халел Мұқатайұлы Мақсұтовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 сәуірден пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қала әкімі                                 Б. Әбдішев

Қарағанды қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 09 cәуірдегі
N 10/07 қаулысымен бекітілген

Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі

      1. Жұмыс беруші уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім береді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу барысында Уәкілетті орган келесі талаптарды ескереді:
      1) кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеттілігі;
      2) еңбекақының уақытында төленуі;
      3) жұмыс орнының қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкестігі;
      4) кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларының сақталуы;
      5) Уәкілетті органмен жасалған шарттың мерзімі өткенде жұмыссыз адамға тұрақты жұмыс орнын беру мүмкіндігі.
      3. Жұмыс беруші іріктеуге қатысу үшін құрылтайшы құжаттарын немесе жеке кәсіпкердің куәлігін ұсынады.
      4. Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шарт жасайды. Шартта шарттың мәні, еңбекақының мөлшері мен оны төлеу шарттары, шығындар сомасы, тараптардың жауапкершілігі мен ерекше жағдайлар, шарттың қолданылу мерзімі көрсетіледі. Жұмыс уақытша сипатта болады және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары пайдаланылмайды.
      5. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.
      6. Жұмыс беруші жолдама алған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдап, келісім - шарт жасасады, қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады.
      7. Жұмыс беруші еңбекақы төлеуге кететін шығындарды өтеу үшін ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 5 дейін белгіленген тәртіпте келесі құжаттарды Уәкілетті органға ұсынады: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіні, жұмыс уақытын есепке алу табелі, атқарылған жұмыстар актісі.
      8. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес салық және зейнетақы аударымдарды жүзеге асырады.
      9. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің осы Тәртібінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады