Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2012.05.22 N 25/35 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-2 бабына және 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 4.3.1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" N 972 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес жастар практикасын ұйымдастыратын Қарағанды қаласының кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелерінің тізімі, қаржыландыру көзі және қатысу мерзімі бекітілсін.
2. Уәкілетті органдар - "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының жұмыспен қамту орталығы", Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының Октябрь ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталықтары):
1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында Жастар практикасын өткізу жұмысын ұйымдастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем жасасын;
2) жұмыссыздарға - кәсіби оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен Жастар практикасы аясында жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға шарт жасасын;
3) жастар практикасын өткізу шараларын қаржыландыру облыстық бюджеттегі 037 "Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетінің ағымдағы мақсатты түрдегі трансферті" бағдарламаласы бойынша көзделген облыстық бюджеттегі ағымдағы трансферттердің, сондай-ақ 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламаласы 103 "Республика бюджетінің ағымдағы нысаналы трансферті есебінен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" қосымша бағдарламасында көзделген Қарағанды қаласының бюджеті есебінен жүргізілсін;
4) жастар практикасына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 30972, 84 теңге мөлшерінде белгіленсін.
3. "Қарағанды қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 10/08 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Реестрінде N 8-1-113 тіркелген, "Орталық Қазақстан" газетінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 64 (20848), "Индустриальная Караганда" газетінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 46 (20909) жарияланған) күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Юрьевна Любарскаяға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қарағанды қаласының әкімі Б. Әбдішев
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсан
N 64/02 қаулысына қосымша
Жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибе ұйымдастыратын Қарағанды қаласының кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізімі
N |
Ұйымның атауы |
Кәсіп (мамандық) |
Талап етілетін білім деңгейі |
Жоспарланған орын саны |
Жоспарланған ұзақтық (айлар) |
1 |
"Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
қаржыгер іс жүргізуші заңгер қазақ тілі пәнінің мұғалімі |
жоғары жоғары жоғары жоғары |
5 5 5 5 |
6 6 6 6 |
2 |
"Қарағанды қаласының Октябрь ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
заңгер |
жоғары |
65 |
6 |
3 |
"Қарағанды облыстық сотының кеңсесі" мемлекеттік мекемесі |
заңгер экономист |
жоғары, орта- арнайы жоғары, орта- арнайы |
80 70 |
6 6 |
4 |
"Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
экономист заңгер |
жоғары жоғары |
1 2 |
6 6 |
5 |
"Қарағанды қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
бағдарламашы, экономист қазақ тілі пәнінің мұғалімі |
жоғары, орта-арнайы жоғары, орта-арнайы жоғары, орта-арнайы |
1 1 1 |
6 6 6 |
6 |
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
заңгер |
жоғары |
5 |
6 |
7 |
"Қарағанды қаласының үйде әлеуметтік көмек көрсету Октябрь бөлімшесі" мемлекеттік мекемесі |
әлеуметтік қызметкер |
орта-арнайы немесе жоғары |
5 |
6 |
8 |
"Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" мемлекеттік мекемесі |
әлеуметтік қызметкер |
орта-арнайы немесе жоғары |
5 |
6 |
9 |
"Қарағанды қаласының Октябрь ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
заңгер |
жоғары |
2 |
6 |
10 |
"Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
заңгер |
жоғары |
2 |
6 |
11 |
"Қарағанды қаласының Октябрь ауданының әкімдігі" мемлекеттік мекемесі |
заңгер экономист бағдарламашы |
жоғары жоғары жоғары |
4 3 3 |
6 6 6 |
12 |
"Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
инженер- құрылысшы есепші |
жоғары жоғары |
2 1 |
6 6 |
13 |
"Нақты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу Қарағанды қалалық орталығы" мемлекеттік мекемесі |
әлеуметтік қызметкер есепші мейірбике іс жүргізу бойынша маман |
орта-арнайы немесе жоғары орта-арнайы немесе жоғары орта-арнайы орта-арнайы немесе жоғары |
2 |
6 |
14 |
"Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
экономист геодезист |
жоғары жоғары |
1 2 |
6 6 |
15 |
"Қарағанды облысының төтенше жағдайлар бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі |
мемлекеттік тілді білетін іс жүргізуші аудармашы бағдарламашы |
жоғары жоғары жоғары |
6 11 4 |
6 6 6 |
16 |
"Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
экономист |
жоғары |
2 |
6 |
17 |
"Қарағанды облысының Әділет Департаменті" мемлекеттік мекемесі |
заңгер |
жоғары |
90 |
6 |
18 |
"Қарағанды жарнама" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
бағдарламашы |
жоғары |
1 |
6 |
19 |
"Аймақтық акушерлік- гинекологиялық орталық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
сылақшы - бояушы |
орта-арнайы |
4 |
6 |
20 |
"Қарағанды қаласының N 2 автопаркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
автослесарь |
техникалық |
4 |
6 6 |
21 |
"АВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
байланыс құрастырушысы маркетолог есепші-операционист |
жоғары, орта- арнайы жоғары, орта- арнайы жоғары, орта- арнайы |
4 2 1 |
6 6 6 |
22 |
"N 1 Эксперименталдық зауыт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
инженер-технолог |
жоғары |
2 |
6 |
23 |
"МТК плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
байланысшы заңгер |
жоғары, орта-арнайы жоғары |
10 6 |
6 6 |
24 |
"Экспресс и А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
автоэлектрик |
жоғары |
2 |
6 |
25 |
"Қызмет-Инжиниринг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
іс жүргізуші |
жоғары |
1 |
6 |
26 |
"Қарағанды жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
механик |
жоғары |
1 |
6 |
27 |
"Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
геология тау ісі |
жоғары жоғары |
1 1 |
6 6 |
28 |
"Қарағанды Сбыт Проект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
заңгер |
Орта-арнайы немесе жоғары |
10 |
6 |
29 |
"Геральдика 2004" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
есепші іс жүргізуші |
жоғары жоғары |
1 1 |
6 6 |
30 |
"Сормайт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
машина құрастыру инженер- технологы есепші машина құрастыру техник- механигі машина құрастыруды мөлшерлеу бойынша инженер заңгер экономист есепші |
жоғары, орта- техникалық жоғары жоғары, орта техникалық жоғары, орта техникалық жоғары жоғары жоғары |
1 2 1 1 2 2 2 |
6 6 6 6 6 6 6 |
31 |
"Телеком СИТИ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
экономист байланыс желілері және қатынас жүйелері техник-электрик |
жоғары орта-арнайы орта-арнайы |
1 2 1 |
6 6 6 |
32 |
"АЛУА-ВЕТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
бағдарламашы есепші сату бойынша менеджер |
жоғары жоғары жоғары |
1 1 1 |
6 6 6 |
33 |
"Қарағанды металл бұйымдары зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
токарь дәнекерлеуші |
орта- арнайы орта- арнайы |
2 5 |
6 6 |
34 |
"Айқын Жол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
газ- электр дәнекерлеуші |
орта-арнайы |
1 |
6 |
35 |
"Қарағанды көмір ресурстары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
техник-механик, инженер - механик психолог энергетик, инженер-электрик, техник-электрик токарь газ-электр дәнекерлеуші |
жоғары, орта- техникалық жоғары, орта- арнайы жоғары, орта- арнайы орта- арнайы орта арнайы |
6 1 6 2 4 |
6 6 6 6 6 |
36 |
"Нәтиже" сүт фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
есепші |
жоғары |
2 |
6 |
37 |
"Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар парк" мемлекеттік мекемесі |
биолог есепші заңгер |
жоғары жоғары жоғары |
2 1 1 |
6 6 6 |
38 |
"Ресайклинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
заңгер экономист эколог |
жоғары жоғары жоғары |
1 1 1 |
6 6 6 |
Барлығы: |
500 |