Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2011.12.29 N 64/02 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды – орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010.12.28 N 63/06 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) қаулысымен.
1. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі):
1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем жасасын;
2) жұмыссыздарға - кәсіби оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен Жастар тәжірибесі аясында жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға шарт жасасын;
3) Жастар тәжірибесін өткізу шараларын қаржыландыру облыстық бюджеттегі 027 "Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетінің ағымдағы мақсатты түрдегі трансферті" бағдарламасы бойынша көзделген облыстық бюджеттегі ағымдағы трансферттердің, сондай-ақ 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 102 "Жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары" қосымша бағдарламасында көзделген Қарағанды қаласының бюджеті есебінен жүзгізілсін;
4) Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 26 000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010.12.28 N 63/06 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Халел Мұқатайұлы Мақсұтовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қала әкімі Б. Әбдішев