Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2012.06.22 N 12/08 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 1520 қаулысына сәйкес және жұмыссыз азаматтардың - жоғары және орта кәсіби оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіншілігін ұлғайту және олардың практикалық тәжірибе, білім мен машықтарды жинау мақсатында Жезқазған қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Бағдарламаны үйлестіруші):
кәсіпорындардың уақытша жұмыс күшіне қажеттілігін анықтап және оны "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жіберсін.
2. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ұсынған қажеттілікке сәйкес талап етілетін біліктілігі бар түлектер ұсынылған жұмыс орындарына жіберсін;
жастар практикасының өтуі туралы түлекпен екіжақты шарт жасасын;
жастар практикасын өткізу іс-шараларын қаржыландыру 022 "Бизнестің Жол картасы 2020" бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдау" бағдарламасында қарастырылған 011 "Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен" ішкі бағдарламасымен қарастырылған бюджеттік қаражат есебінен жүргізсін.
жастар практикасына қатысушылардың еңбек жалақысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкiмінің орынбасары Б.Қ. Шыңғысовқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкiмi Б. Әбдіғалиұлы