Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 1520 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1520 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.
      4. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жанынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 783 қаулысында:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы «бағытын» деген сөз «және төртінші бағыттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жанынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамында:
      тақырыбындағы «бағытын» деген сөз «және төртінші бағыттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мыналар:
      «Сарыбеков                - Қазақстан Республикасының Білім
      Махаметғали Нұрғалиұлы      және ғылым вице-министрі;

      Оразғұлов                 - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық
      Расул Қабдолұлы             партиясы Орталық аппаратының
                                  басшысы (келісім бойынша)»
енгізілсін.

2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1520 қаулыға қосымша  

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2010 жылғы 10 маусымдағы 
№ 556 қаулысымен     
бекітілген        

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады