Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.06.12 N 5/43 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 1 желтоқсандағы "Балқаш қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы" N 37/286 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-209 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 қаңтардағы N 8-9 (11677) "Балқаш өңірі" газетінде, 2011 жылғы 21 қаңтардағы N 6-7 (717) "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Балқаш қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесінің (бұдан әрі- Ереже) барлық мәтіні бойынша "ММ" аббревиатурасы "мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Ереженің орыс тіліндегі 2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
1) владелец животного - лицо, которому принадлежит собака или кошка, или лицо, которое занимается содержанием животных на основании аренды или других аналогичных отношений по соглашению с владельцем;
2) собака - домашнее животное, млекопитающее семейства волчьих, независимо от размеров, окраса и иных признаков;
3) безнадзорные животные - незарегистрированные животные, у которых невозможно установить владельца, животные, убежавшие от владельца, которые находятся без надзора со стороны владельца или ответственного лица;
4) выгул собак и кошек - пребывание животных вне помещения, являющегося собственностью владельца либо арендуемого владельцем у другого лица;
5) кошка - домашнее животное, млекопитающее семейства кошачьих, независимо от размеров, окраса и иных признаков.";
3) Ереженің 8 тармағында "Тiркеушi мекеме" деген сөздер ""Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) Ереженің 12 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"12. Ата-аналарының жазбаша рұқсаты бар (итті өзінің атына тіркеу үшін), 14 жасқа толған тұлға иттің иесі (балуан текті иттен басқа) болуы мүмкін.";
5) Ереженің 13 тармағында "мiндеттi" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) Ереженің 15 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"15. Үй жануарының иесі дер кезінде, белгіленген уақыттарда, міндетті ветеринарлық шараларды өткізуге, жануарлардың карантиндік режимін сақтауға, жұқпалы ауруларды жою бойынша шараларды өткізуге.";
7) Ереженің 17 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"17. Көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерінде бір отбасында үш айлық жастағы төлдерді, үш мысық және ірі және орта тұқымды екі үлкен иттен артық ұстамау ұсынылады. Үш айлық жастан жоғарғы иттің және мысықтың күшіктері өздері тамақтанатын қабілетке ие болғаннан бастап қараусыз жануарларды ұстаумен және аулаумен айналысатын кәсіпорындарға немесе жаңа иелеріне тапсырылады.";
8) Ереженің 24 тармағында "мiндеттi" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) Ереженің 33 тармағында "(300, 310, 311, 543, 559 ҚР ӘҚБК)" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Омаров) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы Г. Ахрименя
Қалалық мәслихаттың хатшысы И. Сторожко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Тейлянов К.Г.
10.03.2011 ж.
"Балқаш қаласының
ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Әлмағанбетов Б.Ә.
10.03.2011 ж.
"Қарағанды облысының ішкі
істер Департаменті Балқаш
қаласының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Киякин Е.М.
10.03.2011 ж.
"Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы
Министрлігінің агроөнеркәсіптік
кешеніндегі мемлекеттік
инспекциясы Комитетінің
Балқаш қалалық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы Қанатбеков И.Қ.
10.03.2011 ж.