Қаражал қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 маусымдағы N 144 қаулысы. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 шілдеде N 8-5-112 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 22 ақпандағы N 40 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012.02.22 N 40 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қаражал қалалық Мәслихатының ХХXІV сессиясының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 300 "2011-2013 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-5-105 болып тіркелген, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі бекітілсін.
      2. "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жұмыспен қамту бөлімі) заңда белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды уақытша алты айдан артық емес мерзімге жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы қалалық бюджеттен бөлінген қаржылардың есебінен жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 26 000 теңгені құрайды. Жұмыс беруші тарапынан ортақ қаржыландыру үлесі Жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады.
      4. Қаражал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 07 шілдедегі N 115 "Қаражал қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қаражал қаласы әділет басқармасында 2010 жылы 22 шілдедегі тіркелген тіркеу нөмірі 8-5-96, 2010 жылғы 22 шілдеде "Қазыналы өңір" газетінің N 29 жарияланған).
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Құрмансейітовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі                      Ғ. Әшімов

Қаражал қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 16 маусымдағы
N 144 қаулысымен бекітілген

Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі

      1. Жұмыс беруші уәкілетті орган - "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі- Уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім береді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу барысында Уәкілетті орган келесі талаптарды ескереді:
      1) кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеттілігі;
      2) еңбекақының уақытында төленуі;
      3) жұмыс орнының қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкестігі;
      4) кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің сақталуы;
      5) Уәкілетті органмен жасалған шарттың мерзімі өткенде жұмыссыз адамға тұрақты жұмыс орнын беру мүмкіндігі.
      3. Жұмыс беруші іріктеуге қатысу үшін құрылтайшы құжаттарын немесе жеке кәсіпкердің куәлігін ұсынады.
      4. Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шарт жасайды. Шартта шарттың мәні, еңбекақының мөлшері мен оны төлеу шарттары, шығындар сомасы, тараптардың жауапкершілігі мен ерекше жағдайлар, шарттың қолданылу мерзімі көрсетіледі. Жұмыс уақытша сипатта болады және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары пайданылмайды.
      5. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру қалалық бюджеттің "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау қосымша шаралары" 002102 бюджеттік бағдарламасында көрсетілген қаржы шегінде жүргізілсін.
      7. Жұмыс беруші жолдама алған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдап, шарт жасасады, қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады.
      8. Жұмыс беруші еңбекақы төлеуге кететін шығындарды өтеу үшін ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 5 дейін белгіленген тәртіпте келесі құжаттарды Уәкілетті органға ұсынады: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіні, жұмыс уақытын есепке алу табелі, атқарылған жұмыстар актісі.
      9. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес салық және зейнетақы аударымдарды жүзеге асырады.
      10. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің осы Тәртібінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Каражал

Постановление акимата города Каражал Карагандинской области от 16 июня 2011 года N 144. Зарегистрировано Управлением юстиции города Каражал Карагандинской области 8 июля 2011 года N 8-5-112. Утратило силу - постановлением акимата города Каражал Карагандинской области от 22 февраля 2012 года N 40

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Каражал Карагандинской области от 22.02.2012 N 40 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 23 января 2001 года "О занятости населения" и решением ХХXIV сессии Каражалского городского Маслихата от 23 декабря 2010 года N 300 "О бюджете города на 2011-2013 годы", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 8-5-105, в целях оказания социальной поддержки безработным гражданам, относящимся к целевым группам, акимат города Каражал ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Каражал" (далее - Отдел занятости) организовать работу по созданию социальных рабочих мест для временного трудоустройства безработных граждан из целевых групп, зарегистрированных в Отделе занятости, в установленном законодательством порядке сроком не более шести месяцев.
      3. Размер среднемесячных отчислений для лиц, направляемых на социальные рабочие места, исходя из общей суммы средств, предусмотренных в бюджете города с учетом плановой численности трудоустраиваемых и продолжительности участия, включая обязательные пенсионные взносы и индивидуальный подоходный налог, составляет 26000 тенге. Доля софинансирования со стороны работодателя определяется договором, заключаемым между Отделом занятости и работодателем.
      4. Считать утратившим силу постановление акимата города Каражал  N 115 от 07 июля 2010 года "О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Каражал" (зарегистрировано в управлении юстиции города Каражал 22 июля 2010 года регистрационный номер 8-5-96, опубликованное в газете "Қазыналы өңір" от 22 июля 2010 года за N 29).
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Курмансеитова А.К.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Каражал                        Г. Ашимов

Утвержден постановлением
акимата города Каражал
16 июня 2011 года N 144

Порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп

      1. Работодатель подает заявку на организацию социальных рабочих мест в Уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Каражал" (далее - Уполномоченный орган).
      2. При отборе работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, Уполномоченный орган учитывает следующие требования:
      1) платежеспособность предприятия;
      2) своевременность выплаты заработной платы;
      3) соответствие рабочего места нормам техники безопасности;
      4) соблюдение на предприятии норм Трудового кодекса Республики Казахстан;
      5) возможность предоставления безработному постоянной работы по истечении срока действия заключенного договора с Уполномоченным органом.
      3. Работодатель для участия в отборе представляет копии учредительных документов либо свидетельство индивидуального предпринимателя.
      4. Работодатель заключает договор с Уполномоченным органом на организацию социальных рабочих мест. В договоре отражаются предмет договора, размер и условия оплаты труда, сумма затрат, ответственность сторон и особые условия, срок действия договора. Работа носит временный характер и для ее организации не могут быть использованы постоянные рабочие места и вакансии.
      5. Уполномоченный орган выдает направление безработным из целевых групп населения для трудоустройства на социальные рабочие места.
      6. Финансирование мероприятий по созданию социальных рабочих мест производить в пределах средств, предусмотренных в бюджете города по бюджетной программе 002102 "Дополнительные меры по социальной защите граждан в сфере занятости населения".
      7. Работодатель принимает на социальное рабочее место направляемого безработного, заключает с ним трудовой договор, предоставляет рабочее место, соответствующее нормам техники безопасности.
      8. Работодатель для возмещения расходов по оплате труда ежемесячно до 5 числа месяца, следующего за отчетным, представляет в уполномоченный орган в установленном порядке: выписку из приказа о приеме на работу, табель учета рабочего времени, акт выполненных работ.
      9. Работодатель производит обязательные налоговые и пенсионные отчисления в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      10. Контроль за исполнением настоящего Порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп, возлагается на Уполномоченный орган.