"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының негізінде Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Сәтбаев қаласы Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | С.Т. Медебаев |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы N 05/01 қаулысына 1 қосымша |
Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 30.10.2013 N 26/18 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.№ | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар |
1 | Сәтбаев қаласы | Ұлытау көшесі № № 86, 90 үйлердің ортасында (автобекет ауданы) |
2 | Комаров көшесі, № 25 үй жанында ("Қазақтелеком" АҚ ауданы) | |
3 | Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 88 үй жанында ("Кооптранс" базарының ауданы) | |
4 | Жезқазған кенті | Әбиев көшесі, № 21 А үй жанында ("Горняк" мәдениет үйінің ауданы) |
5 | Весовая елді мекені | Киров көшесі, № 22 үй жанында ("Теміржол көлік жолдарының кәсіпорыны" клуб ауданы) |
6 | Сәтбаев селосы | № 17 мектеп жанында |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы N 05/01 қаулысына 2 қосымша |
Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар мекен-жайлары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 02.03.2015 N 06/16 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.№ | Елді мекеннің атауы | Сайлаушылармен кездесулерге арналған үй-жайлар және орналасқан мекен-жайлары | Үй-жайдың жалпы көлемі (шаршы метр) |
1 | Сәтбаев қаласы | Абай атындағы № 4 лицей мектебінің акт залы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 114А үй, телефон: 3-33-36 | 215,2 |
2 | Сәтбаев қаласы | Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның акт залы, Комаров көшесі, № 11А үй, телефон: 3-34-68 | 154,4 |
3 | Жезқазған кенті | № 2 орта мектептің акт залы, Әуезов көшесі, № 37А үй, телефон: 7-75-13 | 61,5 |
4 | Весовая елді мекені | № 10 жалпы білім беретін орта мектептің акт залы, Киров көшесі, № 13 үй, телефон: 6-01-20 | 78 |
5 | Сәтбаев селосы | № 17 мектептің акт залы, телефон: 6-01-66 | 68,6 |