Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 06/16 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 наурызда № 3039 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 03/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 04.02.2016 № 03/01 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 05/01 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың тізімі туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-117 болып тіркелген, 2011 жылғы 30 наурыздағы № 25 (1891) "Шарайна" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкім аппаратының басшысы А.С. Нысанбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сәтбаев қаласының әкімі
Ә.С. Омар

      

 
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 06/16 қаулысына қосымша
 
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 05/01 қаулысына
2 қосымша

Сәтбаев қаласы бойынша Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар мекен-жайлары


 
Елді мекеннің атауы
 
Сайлаушылармен кездесулерге арналған үй-жайлар және орналасқан мекен-жайлары
 
Үй-жайдың жалпы көлемі (шаршы метр)
 
1
 
Сәтбаев қаласы
 
Абай атындағы № 4 лицей мектебінің акт залы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 114А үй, телефон: 3-33-36
 
215,2
 
2
 
Сәтбаев қаласы
 
Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның акт залы, Комаров көшесі, № 11А үй,
телефон: 3-34-68
 
154,4
 
3
 
Жезқазған кенті
 
№ 2 орта мектептің акт залы, Әуезов көшесі, № 37А үй, телефон: 7-75-13
 
61,5
 
4
 
Весовая елді мекені
 
№ 10 жалпы білім беретін орта мектептің акт залы, Киров көшесі, № 13 үй, телефон: 6-01-20
 
78
 
5
 
Сәтбаев селосы
 
№ 17 мектептің акт залы,
телефон: 6-01-66
 
68,6
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады