Қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының 1 тармағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын қала ұйымдарының тізбесі және олардың түрлері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қоса берілген ағымдағы жылға белгіленген орындалатын жұмыстың мөлшері, сапасы мен күрделілігі айлық ең төменгі еңбек ақыдан шыға отырып қоса берілген жұмыссыздардың еңбекақыларын төлеу мөлшері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
1) бекітілген тізбеге сәйкес және ағымдағы жылға осы мақсаттарға қала бюджетінен қарастырылған қаражат шегінде, жұмыссыз азаматтарды уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін;
2) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау шартын жасасын;
3) қала халқын, сондай-ақ қала кәсіпорындары мен ұйымдарын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, олардың еңбек ақысын төлеу тәртібі туралы ақпаратпен қамтамасыз етсін.
4. Саран қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 2 желтоқсандағы "2011 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-7-114 тіркелген, 2010 жылы 31 желтоқсанда "Саран газеті" қалалық газетінде N 42 (568) жарияланған) N 29/02 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Гүлмира Серікқызы Беделбаеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми түрде жарияланған сәттен бастап қолданысқа енеді.
Саран қаласының әкімі | В. Иванов |
Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы N 43/02 қаулысына 1 қосымша |
Жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын қала ұйымдарының тізбесі және олардың түрлері
N | Жұмыс түрлері | Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны | Жұмыс берушілер |
1 | Аумақты жинау, қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және экологиялық сауықтыру | 160 | Саран қаласы әкімі аппаратының "Абаттандыру" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Ақтас поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 | Қаланың бюджеттік ұйымдарындағы қосалқы жұмыстар | 95 | Қаланың бюджеттік ұйымдары, денсаулық сақтау мекемелері |
3 | Мәдени іс-шаралар өткізу | 5 | Мәдениет мекемелері |
4 | Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек және қызмет көрсету | 25 | Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері |
5 | Бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға салық органдарына көмек көрсету | 10 | Саран қаласы бойынша салық басқармасы |
6 | Саран қаласы бойынша әскерге шақыру және тіркеу науқанын өткізуге техникалық көмек көрсету | 5 | Қалалық қорғаныс бөлімі |
| БАРЛЫҒЫ: | 300 | |
Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы N 43/02 қаулысына 2 қосымша |
Қоғамдық жұмысқа қатыстырылған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу мөлшері құрайды:
N | Жұмыс түрлері | Бір жұмыссызға еңбекақы төлеу мөлшері | Жұмыс тәртібі | |
Бес күндік жұмыс аптасы | Алты күндік жұмыс аптасы | |||
1 | Ауыр дене күшінің жүктемесіне байланысты жұмыстар, (абаттандыру, қаланы тазарту) | 2 ең төменгі жалақы | 40 сағаттық жұмыс аптасы | 40 сағаттық жұмыс аптасы |
жұмыс күні - 8 сағат | жұмыс күні - 6 сағат 40 минут | |||
2 | Дене күшінің жүктемесіне байланысты ауыр емес және үй - жайларда атқарылатын жұмыстар | 1 ең төменгі жалақы | 40 сағаттық жұмыс аптасы | 40 сағаттық жұмыс аптасы |
жұмыс күні - 8 сағат | жұмыс күні - 6 сағат 40 минут |