2011 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 2 желтоқсандағы N 29/02 қаулысы. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 желтоқсанда N 8-7-114 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы N 43/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қаласының әкімдігінің 2011.12.01 N 43/02 (ресми түрде жарияланған сәттен бастап қолданысқа енеді) Қаулысымен.

      Қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысының 1 тармағы 3) тармақшасын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылы жұмыссыз адамдар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қоса берілген 2011 жылға белгіленген орындалған жұмыстың мөлшері, сапасы мен күрделілігі айлық минималды еңбекақыдан шыға отырып қоса берілген 2011 жылға арналған жұмыссыздардың еңбекақыларын төлеу мөлшері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.О. Тұңғышбаева):
      1) 2011 жылға арналған осы мақсаттарға қала бюджетінен қарастырылған қаражат шегінде және бекітілген тізбесіне сәйкес жұмыссыз азаматтарды уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін;
      2) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау шартын жасасын;
      3) қала халқын сондай-ақ қала кәсіпорындары мен ұйымдарын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, олардың еңбекақы тәртібі туралы ақпаратпен қамтамасыз етсін.
      4. Саран қаласының әділет басқармасында (N 8-7-96) тіркелген және қалалық "Ваша газета" газетінде 2009 жылғы 25 желтоқсанда N 52 жарияланған Саран қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы "2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы" N 383 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.С. Беделбаеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы қаланың әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және оны алғаш қалалық "Саран газеті" газетінде ресми түрде жариялаған сәттен қолданысқа енеді.

      Саран қаласының әкімі                      В. Иванов

1-қосымша
Саран қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 2 желтоқсандағы
N 29/02 қаулысына

2011 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын қала ұйымдарының тізбесі және олардың түрлері

N

Жұмыс түрлері

Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны

Жұмыс берушілер

1.

Қала аумағын экологиялық сауықтыру, көркейту, көгалдандыру, ауланы жинау

100

"Абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, "Ақтас кенті әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

25

2.

Қаланың бюджеттік ұйымдарындағы қосалқы жұмыстар

75

Қаланың бюджеттік ұйымдары, денсаулық сақтау мекемелері

3.

Мәдени шаралар өткізу

10

Мәдениет мекемелері

4.

Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қызмет және көмек көрсету

30

Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері

5.

Бюджеттің кіріс бөлігін арттыру үшін салық органдарына көмек көрсету

20

Саран қаласы бойынша салық комитеті

6.

Саран қаласы бойынша әскерге шақыру және тіркеу науқанын өткізу

10

Қалалық қорғаныс бөлімі

7.

Шағын бизнесті дамытуда ұйымдарға көмек көрсету

10

Жаңа жұмыс орындарын құрушы, және істеп тұрған орындарды сақтаушы, жұмыс берушілерді ынталандыру

8.

Құжаттармен техникалық жұмыс бойынша көмек көрсету

20

Құқық қорғау органдары


БАРЛЫҒЫ:

300


2-қосымша
Саран қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 2 желтоқсандағы
N 29/02 қаулысына

Қоғамдық жұмысқа қатыстырылған жұмыссыздардың 2011 жылға арналған еңбек ақы төлеу мөлшері құрайды:

N

Жұмыс түрлері

Бір жұмыссызға еңбек ақы төлеу мөлшері

Жұмыс тәртібі

Бес күндік жұмыс аптасы

Алты күндік жұмыс аптасы

1.

Ауыр дене күшінің жүктемесіне байланысты жұмыстар, (абаттандыру, қаланы тазарту)

2 минималды еңбек ақы

40 сағаттық жұмыс аптасы

40 сағаттық жұмыс аптасы

8 сағаттық жұмыс аптасы

6 сағат 40 минут жұмыс аптасы

2.

Дене күшінің жүктемесіне байланысты ауыр емес және үй - жайларда атқарылатын жұмыстар

1 минималды еңбек ақы

40 сағаттық жұмыс аптасы

40 сағаттық жұмыс аптасы

8 сағаттық жұмыс аптасы

6 сағат 40 минут жұмыс аптасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады