Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 02.07.2021 № 33/05 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Н.М. Смаиловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е. Нагаспаев |
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы N 6/1 қаулысына 1 қосымша |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1. Қаладағы және қала маңындағы кенттердің автобус аялдамалары аймағында орналасқан жарнамалық стендтер, тақталар, тұғырлықтар:
1) Шахтинск қаласы, 44 үй ауданы, 40 лет Победы көшесі;
2) Шахтинск қаласы, 60 үй ауданы, 40 лет Победы көшесі;
3) Шахтинск қаласы, "Арман" мейрамханасы ауданы, 40 лет Победы көшесі;
4) Шахтинск қаласы, "Универсам" дүкені ауданы, Абай Құнанбаев даңғылы;
5) Шахтинск қаласы, 91 үй ауданы, Абай Құнанбаев даңғылы;
6) Шахтинск қаласы, Салық Басқармасы ауданы, Парковая көшесі;
7) Шахтинск қаласы, 67 үй ауданы, Ленинградская көшесі;
8) Шахтинск қаласы, Орталық аурухана ауданы, Московская көшесі;
9) Новодолинский кенті, "Спутник" дүкені ауданы, Дзержинский көшесі;
10) Новодолинский кенті, 15 квартал, Центральная көшесі;
11) Новодолинский кенті, саяжайлар ауданы, Магистральная көшесі;
12) Северо-Западный кенті, Шахтинск – Қарағанды трассасы, теміржол өткелі ауданы, екі жағынан;
13) Долинка кенті, 92 үй ауданы, Садовая көшесі;
14) Долинка кенті, N 5 дүкен ауданы, Транспортная көшесі;
15) Шахан кенті, N 50 дүкен ауданы, Добровольский көшесі;
16) Шахан кенті, N 33 дүкен ауданы, 14 квартал;
17) Шахан кенті, емхана ауданы, 1А шағын ауданы.
2. Қала және қала маңындағы кенттердің дүкендері, рыноктарында аудандарында орналасқан жарнамалық стендтер, тақталар, тұғырлықтар:
1) Шахтинск қаласы, 67 үй ауданы, Абай Құнанбаев даңғылы;
2) Шахтинск қаласы, 26 үй ауданы, Карл Маркс көшесі;
3) Новодолинский кенті, пошта ауданы, Центральная көшесі;
4) Долинка кенті, "Инициал" дүкені ауданы, Клубный переулогы;
5) Шахан кенті, пошта ауданы, Шахан көшесі;
6) Шахан кенті, N 6 дүкен ауданы, Чернышевский көшесі.
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы N 6/1 қаулысына 2 қосымша |
Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың мекен жайлары
N | Елді мекеннің атауы | Үй-жайдың мекен жайы | Ауданы (шаршы метр) |
1. | Шахтинск қаласы | Шахтинск технологиялық колледжі, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 9 үй | 60,5 |
2. | Шахан кенті | N 2 орта мектеп, Шахан кенті, 11/17 квартал, 1А үй | 197,2 |
3. | Долинка кенті | N 4 орта мектеп, Долинка кенті, Парковая көшесі, 24 үй | 228 |
4. | Новодолинский кенті | N 11 орта мектеп, Новодолинский кенті, Бобух көшесі, 23 үй | 228,8 |