Барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 33/05 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 шілдеде № 23293 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 6/1 "Үгіттік материалдарды орналастыру үшін орын белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-8-93 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі А. Халтонов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шахтинск қалалық

      сайлау комиссиясы

  2021 жылғы 2 шілдедегі
№ 33/05
Әкімдіктің
қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Шахтинск қаласы мен жапсарлас Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде келесі мекенжайларда орналасқан стендтер, тақталар, тұғырлықтар:

      1) Шахтинск қаласы, 40 лет Победы көшесі, № 44 үй аймағы;

      2) Шахтинск қаласы, 40 лет Победы көшесі, № 60 үй аймағы;

      3) Шахтинск қаласы, Ленинградская көшесі, № 81 А құрылыс аймағы;

      4) Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, № 23 А құрылыс аймағы;

      5) Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, № 91 үй аймағы;

      6) Шахтинск қаласы, Ленинградская көшесі, № 67 үй аймағы;

      7) Шахтинск қаласы, Московская көшесі, № 17 Б үй аймағы;

      8) Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, № 67 үй аймағы;

      9) Шахтинск қаласы, Карл Маркс көшесі, № 26 үй аймағы;

      10) Долинка кенті, Бурцев көшесі, № 14 үй аймағы;

      11) Долинка кенті, Бурцев көшесі, № 31 үй аймағы;

      12) Долинка кенті, Гаражная-Транспортная-Садовая көшелерінің қиылысу аймағында;

      13) Долинка кенті, Садовая көшесі, № 32 үй аймағы;

      14) Долинка кенті, Садовая көшесі, № 56 үй аймағы;

      15) Долинка кенті, Садовая көшесі, № 57 үй аймағы;

      16) Долинка кенті, Садовая көшесі, № 58 А үй аймағы;

      17) Долинка кенті, Транспортная көшесі, № 10 үй аймағы;

      18) Новодолинский кенті, Дзержинский көшесі, № 15 үй аймағы;

      19) Новодолинский кенті, 15 квартал, Центральная көшесі, № 19 үй аймағы;

      20) Новодолинский кенті, Магистральная көшесі, саяжай массиві аймағы;

      21) Новодолинский кенті, Центральная көшесі, № 2 үй аймағы;

      22) Новодолинский кенті, Торговая көшесі, № 5 үй аймағы;

      23) Шахан кенті, Добровольский көшесі, № 6 үй аймағы;

      24) Шахан кенті, Добровольский көшесі, Шахан кентінің мәдениет үйі ғимаратының аймағы;

      25) Шахан кенті, Добровольский көшесі, № 12 А үй аймағы;

      26) Шахан кенті, 11/17 квартал, № 19 үй аймағы;

      27) Шахан кенті, 15 квартал, № 4 үй аймағы;

      28) Шахан кенті, Чернышевский көшесі, № 18 құрылыс аймағы;

      29) Шахан кенті, Центральная көшесі, № 40/1 құрылыс аймағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады