Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ тіркелуге тиіс, бірақ тіркелу үшін белгіленген мерзімде келмеген азаматтарды тұрғылықты жері бойынша әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
2. Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.Б. Рыстин осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды тіркеуге алуды ұйымдастыру және оны жүргізу мәселесі жөнінде үйлестіру кеңесін өткізсін.
3. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алуды өткізу қорытындысы туралы ақпарат 2012 жылдың 9 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылсын.
4. Осы шешімінің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.Б. Рыстинге жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Е. Нагаспаев