2012 жылғы қаңтар-наурызында әскерге шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін өткізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімінің 2011 жылғы 22 қарашадағы N 2 шешімі. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 қарашада N 8-8-100 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ тіркелуге тиіс, бірақ тіркелу үшін белгіленген мерзімде келмеген азаматтарды тұрғылықты жері бойынша әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
      2. Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.Б. Рыстин осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды тіркеуге алуды ұйымдастыру және оны жүргізу мәселесі жөнінде үйлестіру кеңесін өткізсін.
      3. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алуды өткізу қорытындысы туралы ақпарат 2012 жылдың 9 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылсын.
      4. Осы шешімінің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.Б. Рыстинге жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Е. Нагаспаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады