Ескерту. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады - (Абай аудандық мәслихатының хатшысының 18.12.2015 № 3-19-240 хаты).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексіне, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңдарына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылға арналған Абай ауданының базарларындағы бір жолдық талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Эпизодтық сипаттағы 2012 жылға арналған кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған бір жолғы талонның құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Абай ауданында орналасқан бір салық салу объектісіне тіркелген салық ставкаларының 2012 жылға арналған мөлшерлері 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Абай ауданының мәслихатының 31 кезекті сессиясының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 31/360 "2011 жылға арналған бір жолдық талондардың және салықтың жекелеген түрлеріне арналған ставкалар мөлшерінің құнын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2011 жылғы 10 қаңтардағы N 8-9-97 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы N 2 (3853) санында жарияланған) бұрын қабылданған шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Черепанов
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Цай
КЕЛІСІЛДІ
Абай ауданы бойынша
салық басқармасының
бастығы Т. Дүйсенова
12.12.2011 ж.
Абай аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 12 желтоқсандағы
42 кезекті сессиясының
N 42/500 шешіміне
1 қосымша
2012 жылға арналған Абай ауданының базарларындағы бір жолдық талондардың құны
р./с N |
Базар атауы |
Мамандандыру |
Сауда орнының түрі |
Бір жолдық талондар құны 1 күнге (теңге) |
1. |
Абай қаласы бойынша базар |
азық-түліктік емес |
жылжымалы сөре |
250 |
үлкен металл сөресі |
300 |
|||
азық-түліктік |
жылжымалы сөре |
300 |
||
үлкен металл сөресі |
350 |
|||
ет сөресі |
350 |
|||
сүт сөресі |
100 |
|||
қолдан сату орны |
80 |
|||
саяжайлық сөре |
30 |
|||
автодүкен |
1200 |
|||
2. |
Топар кенті бойынша базар |
азық-түліктік емес |
жылжымалы сөре |
200 |
үлкен металл сөресі |
250 |
|||
азық-түліктік |
жылжымалы сөре |
250 |
||
үлкен металл сөресі |
300 |
|||
ет сөресі |
350 |
|||
саяжайлық сөре |
30 |
|||
автодүкен |
1200 |
Абай аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 12 желтоқсандағы
42 кезекті сессиясының
N 42/500 шешіміне
2 қосымша
Эпизодтық сипаттағы 2012 жылға арналған кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған бір жолғы талонның құны
р./с. N |
Эпизодтық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің түрлері. Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы) |
Бір жолдық талондар құны 1 күнге (теңге) |
1. |
Газеттер мен журналдар |
100 |
2. |
Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (тікпе көшет, көшет) |
100 |
3. |
Бақша дақылдары |
250 |
4. |
Саяжай және үй жанындағы учаскелерде өсірілген тірі гүлдер |
200 |
5. |
Үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау өнендері |
100 |
6. |
Жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп |
100 |
7. |
Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық |
100 |
8. |
Үй жануарлары мен құстарды жаю |
100 |
9. |
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері |
400 |
Абай аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 12 желтоқсандағы
42 кезекті сессиясының
N 42/500 шешіміне
3 қосымша
Абай ауданында орналасқан, бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген салық ставкаларының 2012 жылға арналған мөлшерлері
р./с. N |
Салық салу объектісінің атауы |
Бір айдағы тіркелген салық ставкасының (айлық есептік көрсеткіштер) мөлшері |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
6 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
9 |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер |
2 |
4. |
Ойын жолы |
10 |
5. |
Карт |
5 |
6. |
Бильярд үстелі |
7 |