Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2012.12.12 N 92 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық
мәслихат хатшысы М. Оңғарқулов
Ақтоғай аудандық мәслихатының
2011 жылғы 14 желтоқсандағы
41 сессиясының
N 385 шешіміне қосымша
N |
Салық салу объектісінің атауы |
Салық салу объектісінің бірлігіне салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
2 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
5 |
6 |
Бильярд үстелі |
4 |