Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012.02.16 N 20 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "2011 жылғы Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсыну туралы" Нұра аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы 34 cессиясының N 327 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-142 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі N 15 (5203) санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімінің 2 тармағында "алты жүз отыз еселік" сөздері "бір мың бес жүз еселік" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Г. Прокоп
Аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Тұранов
КЕЛІСІЛДІ:
Нұра ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы
_________________ М.С. Мұхамеджанова
22 қыркүйек 2011 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
Нұра ауданының қаржы
бөлімінің бастығы
____________ Х.А. Беков
22 қыркүйек 2011 ж.