2011 жылғы Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсыну туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 34 сессиясының 2011 жылғы 11 наурыздағы N 327 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 наурызда N 8-14-142 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 16 ақпандағы N 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012.02.16 N 20 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" (бұдан әрі - Ереже) Қаулысының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2011 жылғы Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада өтініш келіп түскен күнінен бастап ұсынылсын.
      2. 2011 жылғы Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау бюджеттік кредит бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада өтініш келіп түскен күнінен бастап ұсынылсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2011.09.21 N 369 (алғашқы рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Нұра ауданының мемлекеттік мекемесі экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне уәкілетті мекеме ретінде Ережесіне сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру, қаржы қаражатының қажеттілігін есептеу және комиссияға қарау үшін жіберілсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               Е. Тұранов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Нұра ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы
      М.С. Мұхамеджанова
      12 наурыз 2011 ж.

      КЕЛІСІЛДІ:

      Нұра ауданының қаржы
      бөлімінің бастығы
      Х.А. Беков
      12 наурыз 2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады