Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2012.11.26 N 01 (ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, Шет ауданының әкімі ШЕШIМ ЕТТI:
1. "Шет ауданының қорғаныс iстері жөнiндегi біріктірілген бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің 2012 жылы он жетiге толатын еркек жынысты азаматтарды тiркеу өткізілсін.
2. Аудан әкiмiнiң 2010 жылғы 6 желтоқсандағы N 01 "Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған ер жынысты азаматтарды тiркеудi өткiзу туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң Тiзiлiмiнде N 8-17-109 болып тiркелген, 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 52 (10.307) "Шет шұғыласы" аудандық газетiнде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Шет ауданы әкiмiнiң орынбасары Әбілсейт Жарылғапұлы Қауымбаевқа жүктелсiн.
4. Осы шешiм ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Шет ауданының әкімі Р. Әбдікеров
КЕЛIСIЛДI
"Шет ауданының қорғаныс
iстерi жөнiндегi біріктірілген
бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң
бастығы Н. Әбдікешев
9 желтоқсан 2011 жыл