2012 жылы шақыру учаскесiнде есепке тiркеудi ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы N 02 шешімі. Қарағанды облысы Шет ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 желтоқсанда N 8-17-126 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2012 жылғы 26 қарашадағы N 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2012.11.26 N 01 (ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, Шет ауданының әкімі ШЕШIМ ЕТТI:
      1. "Шет ауданының қорғаныс iстері жөнiндегi біріктірілген бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің 2012 жылы он жетiге толатын еркек жынысты азаматтарды тiркеу өткізілсін.
      2. Аудан әкiмiнiң 2010 жылғы 6 желтоқсандағы N 01 "Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған ер жынысты азаматтарды тiркеудi өткiзу туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң Тiзiлiмiнде N 8-17-109 болып тiркелген, 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 52 (10.307) "Шет шұғыласы" аудандық газетiнде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Шет ауданы әкiмiнiң орынбасары Әбілсейт Жарылғапұлы Қауымбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы шешiм ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шет ауданының әкімі                        Р. Әбдікеров

      КЕЛIСIЛДI

      "Шет ауданының қорғаныс
      iстерi жөнiндегi біріктірілген
      бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң
      бастығы                                    Н. Әбдікешев
      9 желтоқсан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады