Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-4-220 нөмірімен тіркелген Приозерск қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 23 желтоқсандағы 34 сессиясының "2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 219/34 шешімін басшылыққа ала отырып, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін ұлғайтуда–колледждер, кәсіптік лицейлердің, жоғары оқу орындарының түлектерінің практикалық тәжірибе, білім алу және машықтану мақсатында, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Уәкілетті органға "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі жұмыспен қамту бөлімі):
1) Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасында жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын ұйымдастырсын;
2) Жұмыссыз жастар үшін кәсіптік дипломнан кейінгі практикасын ұйымдастыруға жұмыс берушімен шарт жасасын.
2. Жастар практикасын ұйымдастыру шараларын қаржыландыру 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламасының 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бағдарламашасында қарастырылған қалалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
3. "Жастар практикасына" қабылданған тұлғалардың айлық еңбекақысы, қалалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 20000 теңге мөлшерінде анықталсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.
Приозерск қаласы әкімі Е. Өтешев