"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 35-бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2011 жылғы 24 мамырдағы Қызылорда қаласының әкімі жанындағы ономастикалық комиссия отырысының 2/3 ұйғарымы және Ақсуат ауылдық округі, Жақыпбек Маханбетов ауылы тұрғындарының 2011 жылғы 17 мамырдағы N 1 хаттамасы негізінде ШЕШЕМІН:
1. Сызбалық картаға байланысты Ақсуат ауылдық округі, Жақыпбек Маханбетов ауылында орналасқан көшелерге:
N 1 көшесі, N 1 А көшесі, N 1 Б көшесі, N 2 көшесі, N 2 А көшесі, N 3 көшесі, N 3 А көшесі, N 4 көшесі, N 4 А көшесі, N 5 көшесі, N 5 А көшесі, N 6 көшесі, N 7 көшесі, N 8 көшесі, N 9 көшесі, N 9 Б көшесі, N 11 көшесі, N 11 А көшесі, N 11 Б көшесі, N 13 көшесі, N 15 көшесі, N 17 көшесі, N 29 көшесі, N 31 көшесі, N 33 көшесі, N 33 А көшесі, Абай Құнанбаев көшесі, Амангелді Иманов көшесі, Ардагерлер көшесі, Ардагерлер тұйығы, Бәйтен көшесі, Бесарық көшесі, Гараж 2 көшесі, Гараж 3 көшесі, Жаңадария көшесі, Лагерь көшесі атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Ақсуат ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманы Н. Байтургановаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және оның ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы Б. Белгибаев