Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 10.06.2013 N 140 қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.08.27 N 228 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-ІІ Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.08.27 N 228 қаулысымен.
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының бір проценті мөлшеріндегі квота белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.08.27 N 228 қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.
3. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы "Қармақшы ауданында мүгедектер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 1218 қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.08.27 N 228 қаулысымен.
5. "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бастығы Ә.Қошалақов) жұмысқа орналасу үшін өтініш берген мүгедектерді және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Ескерту. Қаулы 5-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.08.27 N 228 қаулысымен.
Қармақшы ауданының әкімі М. Ергешбаев