РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-ІІ Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қармақшы ауданында мүгедектер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 маусымдағы N 16 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-5-161 тіркеуден өткен, 2011 жылы 30 шілдеде 66 нөмірімен "Қармақшы таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қаулының тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"
Қаулының кіріспе бөлімі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-ІІ Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының бір проценті мөлшеріндегі квота белгіленсін";
4-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бастығы Ә.Қошалақов) жұмысқа орналасу үшін өтініш берген мүгедектерді және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарына орналастыруын қамтамасыз етсін."
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә. Ерсұлтановқа жүктелсін.
3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | М. Ергешбаев |