Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 12.04.2013 N 103 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 238-бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 қаулысына және "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2011 жылғы 5 қыркүйектегі N 46-2 шешіміне сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қазандағы N 351 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 қарашада N 10-6-169 тіркелген, 2010 жылғы 1 желтоқсанда N 97 (8654) "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен айқындалған ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Дәрібаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі Б. Қаюпов
2011 жылғы 7 қазандағы N 323
Жалағаш ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша
2011 жылғы 18 қазандағы N 351
Жалағаш ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде зертхана басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: зертхана басшысы;
3) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: зертхана басшысының орынбасары;
4) дәріхана меңгерушісі;
5) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, провизор, психолог, ренген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, фармацевт, фельдшер (зертханашы).
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесі (орталығы) меңгерушісі;
2) мамандар (бас, аға): күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің басшысы;
4) мамандар (бас, аға): біліктілігі жоғары деңгейлі маман, маман, консультант.
3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: көркемдік жетекші, әдістемелік кабинет басшысы;
3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, емдәм бикесі, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, шебер, медициналық бике, әдістемеші, музыкалық жетекші, музыкатанушы, психолог, үйірме жетекшісі, хореграф, хормейстр.
4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мәдениет және мұрағат ісі басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: көркемдік жетекші басшысы;
3) мұрағат, мұрағат қоймасы, кітапхана, клуб, мұражай меңгерушісі;
4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: аккомпаниатр, мұрағатшы, балетмейстр, библиограф, кітапханашы, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, бағдарламашы, редактор, режиссер, үйірме жетекшісі, хормейстр, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер.
5) техникалық орындаушылар, оның ішінде: мұрағатшы, мұражай қараушысы.
5. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде спорт басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
2) бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы;
3) оқу ісінің меңгерушісі;
4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: нұсқаушы, әдістемеші, жаттықтырушы, медициналық бике.