Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарының тізбесін айқындау

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қазандағы N 351 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 19 қарашада N 10-6-169 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі N 103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 12.04.2013 N 103 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына және "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-5 шешіміне сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі                             Қ. Бекенов

2010 жылғы 18 қазандағы N 351
Жалағаш ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.10.07 N 323 қаулысымен.

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде зертхана басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: зертхана басшысы;
      3) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: зертхана басшысының орынбасары;
      4) дәріхана меңгерушісі;
      5) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, провизор, психолог, ренген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, фармацевт, фельдшер (зертханашы).
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесі (орталығы) меңгерушісі;
      2) мамандар (бас, аға): күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      3) жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің басшысы;
      4) мамандар (бас, аға): біліктілігі жоғары деңгейлі маман, маман, консультант.
      3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: көркемдік жетекші, әдістемелік кабинет басшысы;
      3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, емдәм бикесі, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, шебер, медициналық бике, әдістемеші, музыкалық жетекші, музыкатанушы, психолог, үйірме жетекшісі, хореграф, хормейстр.
      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мәдениет және мұрағат ісі басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: көркемдік жетекші басшысы;
      3) мұрағат, мұрағат қоймасы, кітапхана, клуб, мұражай меңгерушісі;
      4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: аккомпаниатр, мұрағатшы, балетмейстр, библиограф, кітапханашы, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, бағдарламашы, редактор, режиссер, үйірме жетекшісі, хормейстр, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер.
      5) техникалық орындаушылар, оның ішінде: мұрағатшы, мұражай қараушысы.
      5. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде спорт басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы;
      3) оқу ісінің меңгерушісі;
      4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: нұсқаушы, әдістемеші, жаттықтырушы, медициналық бике.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады