Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.12.25 N 251 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес және Жаңақорған аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 қыркүйектегі N 354 шешімінің негізінде, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.06.08 N 72 қаулысымен.
1. Жаңақорған ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары
лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Б. Ибрагимовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламанов
"Келісілді"
Жаңақорған аудандық
мәслихаттың хатшысы
Дүйсебеков Сәулебек
Шауланбекұлы ____________
"30" қыркүйек 2011 жыл
2011 жылғы "3" қазандағы
Жаңақорған аудан әкімдігінің
N 1247 қаулысына қосымша
Жаңақорған ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымшаның атауы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.06.08 N 72 қаулысымен.
1. Әлеуметтік қамсыздандыру ету мамандарының лауазымдары:
1) Әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
2) Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) Әлеуметтік қызметкер;
4) Жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің басшысы;
5) Жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің қызметкері.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) Білім мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы, басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);
2) Әдістемелік кабинеттің әдістемешісі;
3) Барлық мамандықтағы мұғалімдер;
4) Кітапханашы;
5) Жетекші;
6) Тәрбиеші;
7) Медициналық бике;
8) Әдістемеші;
9) Педагог-психолог;
10) Педагог-ұйымдастырушы;
11) Әлеуметтік педагог;
12) Алғашқы әскери даярлық жетекшісі;
13) Тәлімгер.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) Мәдениет мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы, басшысының орынбасары, бөлімшесінің басшысы;
2) Клуб менгерушісі;
3) Әдістемелік кабинеттің әдістемешісі;
4) Аккомпаниатор;
5) Балетмейстер;
6) Библиограф;
7) Кітапханашы;
8) Жетекші;
9) Дирижер;
10) Нұсқаушы;
11) Әдістемеші;
12) Суретші.