Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012.09.14 N 2050 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шиелі ауданындағы жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
2. "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi квотаға сәйкес жұмысқа орналасу үшiн мүгедектердi жұмыс орындарына жiберудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКIМI Н. НӘЛІБАЕВ