Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарына сәйкес және жұмыссыз жастарды – жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлер (әрі қарай – оқу орындары) түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. 2011 жылға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша Жастар тәжірибесін ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдар (әрі қарай – жұмыс беруші) тізбесі, тәжірибенің өту мерзімі, айлық еңбек ақы мөлшері және қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - уәкілетті орган) оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды іріктеуді жүргізсін және іріктеу кезінде төмендегідей өлшемдер ескерілсін:
1) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жастар;
2) 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
3) оқу орнын бітіргені туралы құжат (диплом) міндетті болуы;
3. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жастар тәжірибесін өтіп жатқан жұмыссыздар арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қылаңовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Боқанов
КЕЛІСІЛДІ:
Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
«Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
27 шілде 2011 жыл
Шабикова Рима Нерражимқызы
«Маңғыстау аудандық экономика және
қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
27 шілде 2011 жыл
Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 27 шілдедегі
№ 183 қаулысына
қосымша
2011 жылға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша Жастар тәжірибесін ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі
№ | Кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі | Жұмыс- сыздар саны (адам) |
Бір адамға төлене-тін еңбек ақы мөлшері (теңге) | Тәжіри-бенің өту мерзімі | Қаржыландыру көзі |
---|---|---|---|---|---|
1 |
Жеке кәсіпкер «Тасмуханбетова Мадина» |
1 |
26 000 |
6 ай |
Республикалық бюджет |
2 |
Жеке кәсіпкер «Нуржанова Ажаргул Султанбековна» |
1 |
26 000 |
6 ай |
Республикалық бюджет |
3 |
Жеке кәсіпкер «Демеубергенов Рахмет» |
1 |
26 000 |
6 ай |
Республикалық бюджет |
4 |
Жеке кәсіпкер «Абдулаева Туймеш Базарқызы» |
1 |
26 000 |
6 ай |
Республикалық бюджет |
5 |
«Мұхаммед и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
1 |
26 000 |
6 ай |
Республикалық бюджет |
6 |
«Темиртас-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
2 |
26 000 |
6 ай |
Республикалық бюджет |
7 |
«Халық банкі» акционерлік қоғамы |
1 |
26 000 |
6 ай |
Республикалық бюджет |
8 |
«Ұштаған» өндірістік кооперативі |
1 |
26 000 |
6 ай |
Республикалық бюджет |
9 |
«Жыңғылды» өндірістік кооперативі |
1 |
26 000 |
6 ай |
Республикалық бюджет |
Барлығы: |
10 |