Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық негізінде құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау ережесін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 тамыздағы № 187 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 31 тамызда № 11-5-124 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 03 желтоқсандағы № 446 қаулысымен

      Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 03.12.2013 № 446 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ "Білім туралы" заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық - құқықтық негізінде құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау ережесі қосымшаға сай бекітілсін.
      2. Ережеге сәйкес бюджеттік қаржыдан жоспарлау және қаржыландыру жұмыстары "Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Р.Шабикова) тапсырылсын.
      3. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 маусымдағы "Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық негізінде құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау ережесі туралы" № 138 қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Ә.Қылаңовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Аудан әкімі
Қ.Боқанов

      
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау аудандық білім бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Қалиева Светлана Ақмұратқызы
      01 тамыз 2011ж.
      "Маңғыстау аудандық экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі бастығы
      Шабикова Рима Нерражимқызы
      01 тамыз 2011ж.

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 01 тамыздағы
№ 187 қаулысымен бекітілген
қосымша

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық негізінде құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау ережесі

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-ІІ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес жасақталды.
      2. Мектеп жасына дейінгі балаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 - бабы 5 - тармағының 1) - тармақшасына сәйкес село, селолық округтердің әкімдері жүргізеді.
      3. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 30 - бабына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу және бес жастан бастап балаларды мектепке дейінгі оқыту жүзеге асырылады.
      4. Балаларды мектепке дейінгі ұйымға тұрақты және уақытша орналасуға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргізіледі.
      5. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына (балабақша және мектеп жанындағы шағын орталыққа) балаларды қабылдау үшін өтініштерді аудан орталығында "Маңғыстау аудандық Шетпе селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, ауылдық елді мекендерде село, селолық округ әкімдерінің аппараттары есепке алуды жүргізеді.
      6. Өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құрылтайшының атынан аудан орталығында "Маңғыстау аудандық Шетпе селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, ауылдық елді мекендерде село, селолық округ әкімдерінің жолдамасы, баланың даму тарихынан үзінді көшірме, эпидемиологиялық жағдай туралы санитарлық - эпидемиологиялық қызметтің анықтамасы негізінде үш жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар қабылданады.
      8. Мектепке дейінгі білім беру ұйымына жолдама беру тіркелу кезегіне сай жүргізіледі.
      9.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата - аналардан немесе оларды алмастыратын адамдардан баланы ұстау үшін алынатын ай сайынғы төлемақының мөлшері баланың жасына қарамастан, тамақтандыруға арналған шығындардың 100 пайызын құрайды. Тамақтандыруға арналған шығын мөлшері белгіленген нормаларға сәйкес нарықтағы қалыптасқан орташа баға негізінде және инфляция көрсеткішін ескере отырып мемлекеттік басқару органы – "Маңғыстау аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бекітіледі.
      10.Мектепке дейінгі мекемелеріне тегін қабылданатын балалар;
      -жетім балалар;
      - ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      - ата - анасының біреуі І немесе ІІ топтағы мүгедектердің балалары;
      - бала күнінен мүгедек балалар;
      - ата - аналық құқынан айырылған жанұя балалары;
      - сотталған және бас бостандығынан айырылған ата - аналардың балалары;
      - тергеуге алынған уақытын қосқанда немесе ұзақ мерзімге ықтиярсыз емделуге жіберілген ата - аналардың балалары;
      - баланы бағыт - күтумен тәрбиелеуге ұзақ уақыт болмаған, бас тартқан ата-аналардың қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алған балалар.
      11.7 баладан жоғары "Алтын алқамен" наградталған аналардың және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларының балаларына мектепке дейінгі ұйымдарда алынатын ай сайынғы төлем ақының мөлшері баланың жасына қарамастан тамақтандыру шығындардың 50 пайыз мөлшерінде төленеді. Қалған 50 пайызы бюджет есебінен жабылады.
      12. Осы ереженің 10, 11 - тармақтарында көрсетілген санаттағы балалардың жолдамамен қоса жеңілдіктер алуға құқық беретін төмендегідей құжаттарды қабылдау мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын директоры арқылы жүзеге асырылады.
      13. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тегін және жеңілдік арқылы орналастыру үшін төмендегідей құжаттар тапсырылады:
      - арыз;
      - үй кітапшасының көшірмесі (барлық отбасы мүшелерін көрсетумен);
      - балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
      - ата - анасының айлық табысы туралы анықтама;
      - отбасының барлық кіріс жиынтығы туралы анықтама;
      - жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін аудандық білім бөлімінің баланы қорғаншылыққа немесе патронаттыққа алынғаны туралы шешімі;
      - қорғаншының (патронатқа алған адамның) куәлігінің көшірмесі;
      - ата - аналары І немесе ІІ топтағы мүгедек болса, І немесе ІІ топтағы мүгедектігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      - "Алтын алқа" иегерін растайтын куәліктің көшірмесі;
      - атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары үшін – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әр тоқсан сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаны жөніндегі анықтамасы;
      14. Құжаттар тоқсан сайын, бірінші айдың 1 - ші жұлдызына дейін тапсырылады. Құжаттардың дұрыстығына ата - аналар немесе оның орындағылар жауапты.
      15. Мектепке дейінгі ұйымдарда белгіленген тәртіппен ата - ананың немесе оларды алмастыратын адамдардың таңдауына білім беру, сауықтыру және өзге де сипаттағы қосымша ақылы қызмет түрлері ұсынылады. Ақылы қызметтердің жыл сайынғы ақысы мемлекеттік басқару органы – "Маңғыстау аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі бекітеді.
      16. Мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар мен алаңдар болған кезде ата - аналардың қаражаты есебінен баланы ұстау құны толық төлене отырып коммерциялық топтар ашуға рұқсат етіледі. Коммерциялық топтарды ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган анықтайды.
      17. Мектепке дейінгі ұйымдарда баланы қабылдау үшін кіру жарналары, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымда ұзақ мерзім болмаған немесе қатыспаған жағдайда орынды сақтау үшін төлемақы алынбайды.
      18. Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың орны мына жағдайларда сақталады:
      - бала ауырып қалғанда;
      - бала медициналық, санаторийлік-курорттық және өзге де ұйымдарда емделгенде және сауықтырылғанда;
      - ата - анасының біреуіне еңбек демалысы берілгенде;
      - бала жазғы маусымда екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылғанда;
      19. Мектепке дейінгі ұйымдар мен ата - аналар немесе оларды алмастыратын адамдар (тұлғалар) арасындағы өзара қарым - қатынастар баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау кезінде жасалатын шартпен реттеледі. Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару режимі, тамақтану саны, қосымша білім беру және сауықтыру қызметтерінің деңгейі мен мерзімі, мектепке дейінгі ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер түрлері және өзге де жағдайлар айқындалады.
      20. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы жолдама берген мемлекеттік органның келісімімен баланы ұйымнан мынадай жағдайларда шығарады:
      - баланы мектепке дейінгі ұйымда ұстау үшін ай сайынғы төлемақы (он күннен астам) мерзімде уақытылы төленбегенде;
      - бала дәлелсіз себептермен және әкімшілікті жазбаша ескертпестен балабақшаға бір айдан астам мерзім келмегенде;
      - баланың мектепке дейінгі ұйымға келуіне кедергі болатын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды болса.

Об утверждении правил приема детей в государственные дошкольные образовательные организации, созданные на организационно-правовой основе государственных коммунальных казенных предприятий

Постановление акимата Мангистауского района Мангистауской области от 01 августа 2011 года № 187. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 31 августа 2011 года № 11-5-124. Утратило силу постановлением акимата Мангистауского района Мангистауской области от 03 декабря 2013 года № 446

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мангистауского района Мангистауской области от 03.12.2013 № 446
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года № 319-ІІІ "Об образовании" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Правила приема детей в государственные дошкольные образовательные организации, созданные на организационно - правовой основе государственных коммунальных казенных предприятий согласно приложению.
      2. Поручить государственному учреждению "Мангистауский районный отдел экономики и финансов" (Р.Шабикова) планирование и финансирование работ из бюджетных средств согласно Правилам.
      3. Отменить постановление акимата Мангистауского района от 15 июня 2011 года № 138 "Об утверждении правил приема детей в государственные дошкольные образовательные организации, созданные на организационно - правовой основе государственных коммунальных казенных предприятий".
      4. Возложить контроль за исполнением данного постановления на заместителя акима района Т.А.Кыланова.
      5. Постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после официального опубликования.
      Аким района К. Боканов

      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник государственного учреждения
      "Мангистауский районный отдел образования"
      Калиева Светлана Акмуратовна
      01 августа 2011 г.
      Начальник государственного учреждения
      "Мангистауский районный отдел экономики и
      финансов"
      Шабикова Рима Неррижимовна
      01 августа 2011 г.

  Приложение
Утверждено постановлением
акимата Мангистауского района
от 01 августа 2011 г. № 187

Правила организации зачисления детей в детские дошкольные учреждения, образованные в объектах государственных коммунальных казенных предприятий

      1. Данное Правило разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2004 года № 1353 "Об утверждении типовых правил деятельности дошкольных организаций образования", с Законом Республики Казахстан от 17 июля 2001 года № 246-11 "О государственной адресной социальной помощи".
      2. Учет детей дошкольного возраста в соответствии с подпунктом 1)-пункта 5 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года № 319 – 111 "Об образовании" ведется акимами сел и округов.
      3. В соответствии со статьей 30 Закона Республики Казахстан "Об образовании" в дошкольные организации принимаются дети от одного года до пяти лет, дети с пяти лет охватываются предшкольной подготовкой.
      4. Прием детей в дошкольную организацию на постоянное и временное пребывание ведется в течение года при наличии в ней свободных мест.
      5. Регистрация заявлений о приеме в дошкольные организации (детские сады, пришкольные мини - центры) в районном центре ведется государственным учреждением "Мангистауский районный аппарат акима село Шетпе", в сельских населенных пунктах аппаратом акимов сел и округов.
      6. Прием, регистрация и рассмотрение заявлений осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан от 12 января 2007 года "О порядке рассмотрения заявлений физических и юридических лиц".
      7. В районном центре в дошкольную организацию принимаются дети от трех до шести (семи) лет на основании направления государственного учреждения "Мангистауский районный аппарат акима село Шетпе", действующий от имени учредителя, в сельских населенных пунктах на основании направления акимов сел и округов, выписки из истории развития ребенка, справки санитарно - эпидемиологической службы об эпидокружении.
      8. Направления в дошкольную организацию выдаются на основании очередности регистрации.
      9. Размер ежемесячной оплаты, взимаемой с родителей или лиц, их заменяющих, за содержание ребенка в дошкольных организациях, составляет 100 процентов затрат на питание, независимо от возраста ребенка. Размер оплаты за питание утверждается государственным органом управления - государственным учреждением "Мангистауский районный отдел образования" на основании средних рыночных цен и с учетом инфляции.
      10. В дошкольные учреждения на бесплатной основе принимаются:
      - дети-сироты;
      - дети, оставшиеся без попечения родителей;
      - дети родителей-инвалидов І или ІІ групп;
      - дети-инвалиды с детства;
      - дети родителей, лишенных родительских прав;
      - дети осужденных и лишенных свободы родителей:
      - дети родителей,находящихся под следствием или на длительном принудительном лечении;
      - дети родителей, долгое время не принимавших участия в воспитании детей, отказавшихся от детей, дети, находящиеся под опекой или попечительством.
      11. Детям матерей, имеющих более 7 детей и награжденные медалью "Алтын алка" и детям из семей, получающих адресную социальную помощь, размер ежемесячной оплаты, за содержание ребенка в дошкольных организациях составляет 50 процентов затрат на питание, независимо от возраста ребенка. Остальные 50 процентов покрываются из бюджетных средств.
      12. Директор государственного коммунального казенного предприятия осуществляет прием документов, подтверждающих право на льготы для детей из категорий, указанных в пунктах 10,11 данного Правила, вместе с направлениями.
      13. Для приема детей в дошкольную организацию на бесплатной или льготной основе предоставляются нижеследующие документы:
      - заявление;
      - копия домовой книги (с указанием всех членов семьи);
      - копия свидетельства о рождении детей;
      - справка о ежемесячной зарплате родителей;
      - справка о совокупных доходах всех членов семьи;
      - для детей – сирот и детей, оставшихся без попечения родителей
      – решение районного отдела образования о назначении опекунства или патроната;
      - копия удостоверения опекуна или патроната;
      - для родителей – инвалидов І или ІІ групп копия документа, удостоверяющего инвалидность;
      - копия удостоверения, подтверждающая обладателя медали "Алтын алка"
      - справка для детей из семей, получающих адресную социальную помощь - из районного отдела трудоустройства и социальных программ о назначении адресной социальной помощи за каждый квартал.
      14. Документы сдаются до 1 числа 1 месяца каждого квартала. Родители или лица, их заменяющие, несут ответственность за достоверность документов.
      15. В дошкольных организациях предоставляются по выбору родителей или лиц, их заменяющих платные услуги в области образования, оздоровления и иных форм в установленном порядке. Размер оплаты за платные услуги утверждаются ежегодно органом государственного управления – государственным учреждением "Мангистауский районный отдел образования".
      16. При наличии свободных мест и площадей в дошкольных организациях разрешается открывать коммерческие группы с оплатой полной стоимости содержания ребенка за счет средств родителей. Порядок организации коммерческих групп определяется уполномоченным органом.
      17. В государственных дошкольных организациях не допускается взимание вступительных взносов за прием ребенка, а также оплаты за сохранение места в случаях длительного отсутствия или пропуска ребенком дошкольной организации.
      18. За ребенком сохраняется место в дошкольной организации в случаях:
      - болезни ребенка;
      - лечения и оздоровления ребенка в медицинских, санаторно-курортных и иных организациях;
      - предоставления одному из родителей трудового отпуска;
      - оздоровления ребенка в летний период сроком до двух месяцев.
      19. Взаимоотношения между дошкольной организацией и родителями или лицами, их заменяющими, регулируются Договором, который заключается при зачислении ребенка в дошкольную организацию. В Договоре определяются режим посещения ребенком дошкольной организации, кратность питания, уровень и сроки предоставления дополнительных образовательных, оздоровительных услуг, размер оплаты за содержание ребенка в дошкольной организации, дополнительные платные услуги и иные условия.
      20. Отчисление детей из дошкольной организации производится руководителем по согласованию с государственным органом, выдавшим направление, в случаях:
      -несвоевременной ежемесячной оплаты за содержание ребенка в дошкольной организации (более 10 дней);
      -пропуска ребенком детского сада более одного месяца без уважительных причин и без предупреждения администрации:
      -медицинского заключения о состоянии здоровья ребенка, препятствующего его пребыванию в дошкольной организации.