Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық әкімдігінің 2011.11.10 № 337 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабы 5 - 4 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2011 жылға аудан бойынша халықтың нысаналы топтарына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын және құратын шаруашылық субъектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру «Аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (С.Қ. Қани) тапсырылсын.
3. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (О.Б.Жарылғапова) әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздардың жіберілуін және оларға жергілікті бюджеттің қаражатынан төленетін еңбек ақысының өтелуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.О.Меңдіхановқа жүктелсін.
5. Қаулы Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.У. Трумов
КЕЛІСІЛДІ:
«Түпқараған аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
О.Б. Жарылғапова
06 сәуір 2011 жыл
«Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
С.Қ. Қани
06 сәуір 2011 жыл
Түпқараған ауданы әкімдігінің
06 сәуір 2011 жылғы
№ 63 қаулысына Қосымша
2011 жылы аудан көлемінде халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің тізбесі
№ | Шаруашылық субъектіле-рінің атаулары | Жұмыс көлемі түрлері | Жұмыс мерзімі | Қаржыландыру көзі және еңбекақы мөлшері |
|
---|---|---|---|---|---|
Жергілікті бюджеттен бір айлық ең төменгі жалақы мөлшері |
Жұмыс берушінің қаржысынан |
||||
1 |
«Каспий коммуналдық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Келісім- |
1 жылға дейін |
15999 теңге |
Келісім- |
2 |
«Ақшұқыргаз- коммуналдық кәсіпорыны |
Келісім- |
1 жылға дейін |
15999 теңге |
Келісім- |
3 |
«Түпқараған су жүйесі» мемлекеттік |
Келісім- |
1 жылға дейін |
15999 теңге |
Келісім- |
4 |
«Таушық көп салалы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
Келісім-шартқа сәйкес |
1 жылға дейін |
15999 теңге |
Келісім- |
5 |
«Қазпочта» акционерлік қоғамы Маңғыстау облыстық филиалы |
Келісім-шартқа сәйкес |
1 жылға дейін |
15999 теңге |
Келісім- |