Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. «Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 2011 жылғы ақпан - наурызда, 1994 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын және бұрын тіркеуден өтпеген, Мұнайлы ауданының аумағында тұрып жатқан ересек жастағы еркек жынысты азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін қамтамасыз етсін.
2. Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
1) тіркелуге жататын азаматтарды ауданының шақыру учаскесіне шақыру жөнінде құлақтандыруын және шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету;
2) тіркелуге дейінгілерді әскери есепке қою үшін қажетті уақытқа, жасөспірімдерді жұмыс (оқу) орындарындағы жалақыларын (стипендияларын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ондабаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Е.Әбілов
«КЕЛІСІЛДІ»
Мұнайлы ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы
Г.Мендбаев
22 ақпан 2011ж.