Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 14.05.2020 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихатының № 3 Горняк сайлау округі және № 6-Арқалық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізуге байланысты үгіттік баспа материалдарын орналастыруды ретке келтіру мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі орындар белгіленсін:
1) қалалық Мәдениет сарайы, Арқалық қаласы әкімдігінің "Арқалықтың азық-түлік компаниясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимараттарының жанында тақталар № 2, 5-орта мектептері ғимараттарының жанында стендтер;
2) "Айна" сауда үйінің жанында тұғырлық.
2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Т. Төлеубаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Арқалық қалалық аумақтық | |
сайлау комиссиясының төрағасы | |
_________ Ш. Тасмағамбетов |