Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 63 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 ақпанда № 9-3-144 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 14.05.2020 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихатының № 3 Горняк сайлау округі және № 6-Арқалық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізуге байланысты үгіттік баспа материалдарын орналастыруды ретке келтіру мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі орындар белгіленсін:

      1) қалалық Мәдениет сарайы, Арқалық қаласы әкімдігінің "Арқалықтың азық-түлік компаниясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимараттарының жанында тақталар № 2, 5-орта мектептері ғимараттарының жанында стендтер;

      2) "Айна" сауда үйінің жанында тұғырлық.

      2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Т. Төлеубаев

КЕЛІСІЛДІ:


Арқалық қалалық аумақтық


сайлау комиссиясының төрағасы


_________ Ш. Тасмағамбетов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады