Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2012.04.16 № 81 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-ІҮ Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, Алтынсарин ауданының мемлекеттік коммуналдық мүлігін тиімді басқару мақсатында Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтынсарин ауданының жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесі бекітілсін:
"Ваз 21074" маркалы автомашинасы, мемлекеттік нөмірі - Р 714 СА, 2004 жылы шығарылған, қозғалтқыш нөмірі - 2106-7690454, қораптың нөмірі - ХТА21074042025456, түсі - ақ, бастапқы құны 600 305 (алты жүз мың үш жүз бес) теңге, тозуы 600 305 (алты жүз мың үш жүз бес) теңге;
"Ваз 21074" маркалы автомашинасы, мемлекеттік нөмірі - Р 701 СА, 2004 жылы шығарылған, қозғалтқыш нөмірі - 8024024, қораптың нөмірі - ХТА21074052057399, түсі - ақ, бастапқы құны 600 305 (алты жүз мың үш жүз бес) теңге, тозуы 600 305 (алты жүз мың үш жүз бес) теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.А. Пероваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Ахметов