Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 12.04.2011 № 60 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қостанай облыстық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 24 қаңтардағы № 3 "Шығып кеткендердің орнына мәслихаттар депутаттарының сайлауын 2011 жылғы 27 наурызға тағайындау туралы" қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылдың 27 наурызына тағайындалған № 1 Дулатов сайлау округі бойынша шығып кеткен депутаттың орнына Аманкелді аудандық мәслихаты депутатын сайлау науқаны кезеңінде Аманкелді селосы аумағында аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін:
Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы "Аманкелді аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының ғимараты жанындағы тақта;
"Аманкелді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі жанындағы тақта;
А. Байтұрсынов пен А. Дүйсенбин көшесінің қиылысында орналасқан тақта.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Кеделбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аманкелді ауданының әкімі | С. Ахметов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Аудандық сайлау комиссиясының | |
төрайымы | А. Ибраева |